2027 жылға қарай Қазақстандағы барлық мектеп жоғары жылдамдықты сапалы интернетпен 100 пайыз толық қамтылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, негізгі мақсат — еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарын тұрақты байланыс желісімен қамтамасыз етіп, оқушылардың заманауи білім беру ресурстарына кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасау.
Қазіргі көрсеткіштер мен 2027 жылға дейінгі жоспар
Бүгінде еліміздегі мектептердің 92 пайызы жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Қазірдің өзінде 1 276 мектепте интернет жылдамдығы 100 Мбит/секундтан асады. 2027 жылға қарай мұндай оқу орындарының саны 3 222-ге дейін жеткізіледі. Мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығын 90 Мбит/секундқа дейін көтеру көзделіп отыр.
2027 жылдың соңына дейін еліміздегі 8 мың мектептің барлығы (100%) заманауи қосылу технологиялары арқылы жоғары жылдамдықты желіге толықтай көшіріледі.
400 мыңнан астам балаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі — jananews.kz

