«Адал қоғам» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған ауқымды Public Talk ұйымдастырды.
Іс-шара Satbayev университеті қабырғасында «Жастардың азаматтық белсенділігі: бастамашылдық пен жауапкершіліктің арақатынасы» тақырыбында өтті.
Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер
Жиын барысында жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі, мемлекеттік бастамалар, қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік, алаяқтықтың алдын алу және білім беру ортасындағы буллинг мәселелері жан-жақты сөз болды. Шараға қатысқан сала мамандары мен сарапшылар өзекті бағыттар бойынша ақпарат ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығы басшысының орынбасары Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы жастардың қоғамдық өмірдегі маңызы мен «Адал азамат» концепциясының мәніне тоқталды.
Алматы қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан қазіргі таңдағы қаржылық сауаттылық пен киберқылмыстардың алдын алу шараларын түсіндірді. Satbayev университетінің Психологиялык қызметінің басшысы, халықаралық CADAP тренері Айгерім Сулейменова оқу орнындағы буллингтің алдын алу және салауатты психологиялық орта қалыптастыру тақырыбын қозғады.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру бағытында өзара пікір алмасты.
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды — jananews.kz

