Гуанжоу қаласында Алматы қаласы халықаралық жоғары марапатқа ие болды

Қытайдың Гуанчжоу қаласында 21-23 мамыр аралығында өткен «GITF 2026» халықаралық туристік жәрмеңкесінде Алматы қаласы халықаралық дәрежедегі жоғары марапатқа ие болды.

Ауқымды шара және халықаралық қатысушылар

Биылғы халықаралық туристік көрме жаһандық саяхат нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған ірі шаралардың бірі болды. Көрмеге әлемнің 55 елі мен аймағынан өкілдер келіп, қатысты. Жиынға Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарын қоса алғанда, 1000-нан астам туристік ұйымдар мен беделді компаниялардың өкілдері қатысуда.

Алматының ұлттық стенді және мәдени жетістігі

Халықаралық жәрмеңкеде Алматы қаласының туристік әлеуетін таныстыру үшін арнайы ұлттық стенд құрылды. Онда қазақ мәдениетінің бірегей элементтері заманауи мультимедиялық презентациялармен үйлесім тапқан. Қала өзінің тартымды туристік бағыттарын, бай гастрономиясын, терең мәдени мұрасын және халықаралық туризм нарығындағы мүмкіндіктерін паш етті. Сонымен қатар, сапар аясында шетелдік жетекші туроператорлармен, әуе компанияларымен және салалық серіктестермен маңызды кездесулер өткізілді.

Осы нәтижелі жұмыстардың қорытындысы бойынша «GITF 2026» көрмесінде Алматы қаласы ең танымал мәдени бағыт (Most Popular Cultural Destination) ретінде танылды. Бұл мәртебелі марапат мегаполиске деген халықаралық аудиторияның жоғары қызығушылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, қаланың жаһандық туризм картасындағы орнын айтарлықтай нығайта түсті.

4 күннен бері іс-түссіз жоғалған Ерзаттың мәйіті табылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img