Медеу ауданында 18 көшкін қаупі бар аумақты қорғау жұмыстары басталды

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин тау бөктеріндегі қауіпті аймақтарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтағы көшкін қаупі бар жерлерді инженерлік тұрғыдан қорғау шаралары қолға алынды, деп хабарлайды jananews.kz.

Көшкін қаупі бар аймақтардағы атқарылған жұмыстар

Әкімнің мәліметінше, аудан аумағында жалпы саны 48 көшкін қаупі бар жер анықталған (салыстыру үшін, 2024 жылдан бері ықтимал қауіпті жерлердің саны 87-ге дейін жеткен). Әрбір учаске бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және сараптамалық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар пысықталған.

Қазіргі таңда 18 учаскеде көшкінге қарсы кешенді іс-шаралар толығымен аяқталды. Аудан әкімдігі тарапынан 12 жерде жұмыс басталса, оның 4-еуінде қазіргі уақытта белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 8 учаскеде меншік иелері сараптамалық ұйымдардың қорытындысына сәйкес өз бетінше жұмыстарын бастап кеткен. Қазіргі уақытта 30 учаске қатаң бақылауда тұр, олардағы тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

Инженерлік шешімдер мен басты мақсат

Таулы аймақтың ерекшелігіне қарай беткей мен тіректерді нығайту, сондай-ақ топырақты тұрақтандыруға бағытталған заманауи инженерлік шешімдер қолданылуда. Мамандардың айтуынша, басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу. Сондықтан ықтимал қауіпті учаскелердегі барлық жұмыстар күрделі жағдай туындағанға дейін алдын ала жүзеге асырылуда.

Еуропада халық саны азайып, қарттар үлесі артып келеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img