Алматы көпсалалы колледжінде «Үздік Педагогикалық шешім» атты байқау өтті

9 қазан күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат» жобасы аясында Алматы көпсалалы колледжінде «Үздік педагогикалық шешім» атты байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты «Адал азамат» жобасы аясында ұстаздардың біліктілігін арттыру, сонымен қатар студенттеге «Заң мен тәртіп», «Адал қоғам», «Таза Қазақстан» жобаларын кеңінен таныстырып, жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Байқауда 30 дан астам мұғалім бақ сынап, олардың 20 сы іріктеуден өтті. Сайыста «Адал азамат» жобасы аясында ұстаздардың семинар, коучинг , дискуссия, сабақтарының инновациялық болуы негізге алынды. Сондай-ақ ұстаздар білім беру ортасындағы өзекті мәселелерге байланысты 30 нақты шешім ұсынды. Қатысушылар дәстүрлі сабақ форматымен шектелмей, студенттерді шешім іздеу процесіне тарта отырып, практикалық әрі инновациялық идеяларын ұсынды. Жұмыстар сараптамалық комиссия тарапынан 100 балдық жүйемен бағаланды. Бағалау кезінде мәселенің өзектілігі, шешімнің жаңашылдығы, практикалық іске асырылуы, авторлық әдіс пен ұсынылған өнім ескерілді. Байқау қорытындысы бойынша 3 мұғалім жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздар арнайы жүлдеқорына ие болып, ал сайыс қатысушыларына сертификаттар табысталды.

 

Автор: Аружан Султанбек

Құрылыс нысандарының қолжетімділігіне қойылатын талаптар күшейтілді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img