Астанада 1700 адам қатысатын «Astana UNICEF Race 2026» жарысы өтеді

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы доктор Рашед Мустафа Сарвармен кездесті.

Кездесуде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы ірі қайырымдылық жобаларын өткізу мәселелері талқыланды. Жиын барысында тараптар 20 қыркүйекте елордадағы Ботаникалық бақ аумағында өтетін «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісіне дайындық барысын қарастырып, ынтымақтастық туралы ресми Меморандумға қол қойды.

Балалар спортының статистикасы және қауіпсіздік шаралары

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттары аясында балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыруына жүйелі жағдай жасалуда. Бүгінде елімізде 1,8 млн бала мен жасөспірім (34,6%) спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Елдегі мектеп және жасөспірім шағындағы балалардың жалпы саны 5,3 миллионнан асады. Қазақстанда 526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істеп, онда 400 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар биыл балалар спортына бөлінетін мемлекеттік қаржы көлемі екі есеге жуық арттырылды. Балалардың денсаулығын қорғау үшін халықаралық стандарттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі негізінде жарыстарға қатысу бойынша жаңа жас шектеулері енгізілді.

«Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісінің бағдарламасы

20 қыркүйек күні Ботаникалық бақта «Astana UNICEF Race 2026» қайырымдылық жүгірісі өтеді. Жалпы 1700 адам, оның ішінде 1500 ересек және 200 бала қатысады. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде 2, 5 және 10 шақырымдық жүгіру жолдары қарастырылған.

Қайырымдылық жүгірісін ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі ұйымдастырады.

Президент: Қазақстан – нағыз дарынды жастардың елі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img