Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Биыл 15–17 қазан аралығында Астана қаласы тарихта алғаш рет жүзу спортынан Әлем кубогының кезеңін қабылдайды.

Елордамыз тарихи Жібек жолының құрметіне аталған Silk Road Tour халықаралық сериясының шешуші, қорытынды кезеңінің өтетін орны ретінде бекітілді.

Silk Road Tour сериясының бағыты мен ауқымы

World Aquatics ұйымы 2026 жылы Әлем кубогының кезеңдерін бірыңғай бағытқа біріктірді. Жарыстың 1-кезеңі (1–3 қазан) Бакуде басталып, 2-кезеңі (8–10 қазан) Ташкент қаласына жалғасып, жарыстың қорытынды кезеңі елордада өтеді. Жарыс өтетін негізгі арена – «Барыс Арена» бассейні.

Жарыстың негізгі көрсеткіштері мен қатысушылар

Silk Road Tour-дың үш кезеңіне әлемнің 50-ден астам елінен 750-ден аса жүзгіш қатысады деп жоспарланған. Сайысқа әлемнің үздік спортшылары, соның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жүлдегерлері және рекорды иелері келеді. Әлем кубогы барысында көрсетілген нәтижелер World Aquatics талаптарына сәйкес ресми түрде әлем және жасөспірімдер рекорды ретінде тіркелуі мүмкін.

Астанадағы кезең аяқталғаннан кейін Silk Road Tour сериясының жалпы қорытынды рейтингі жасалып, желтоқсан айында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқа бассейндегі әлем чемпионаты алдындағы маңызды іріктеу кезеңі өтеді.

Елімізде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img