Атырауда 100 нысанның 80-іне ескерткіш мәртебесі беріледі

Атырау облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында биыл 41 тарихи ескерткіштің қорғау аймағы ресми түрде белгіленді.

Өңір бойынша 171 тарихи-мәдени нысанға кешенді мониторинг жүргізіліп, 100 нысанға арнайы ғылыми-зерттеу сараптамасы жасалды. Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мәліметінше, экспедициялық топ облыстың 4 ауданын 20 күн бойы аралап, нысандардың сақталу деңгейін тексерген.

Ауқымды мониторинг және 80 нысанға мәртебе беру

Зерттеу барысында Қызылқоға ауданында — 90, Құрманғазыда — 40, Индерде — 34 және Исатай ауданында — 7 нысан толық тексеруден өтті. Сараптама жүргізілген 100 нысанның 80-іне ресми ескерткіш мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін облыс көлемінде 180 ескерткіштің шекарасы бекітілген болса, биылғы 41 нысанның қосылуымен қорғауға алынған аумақтар қатары айтарлықтай кеңейді.

Мамандардың мәліметінше, қорғау аймағы белгіленген нысандар бойынша алдағы кезеңдегі басты міндеттері барлық ескерткіштердің кадастрлық және қала құрылысын жоспарлау құжаттарын заң талаптарына сай рәсімдеу. Сондай-ақ нысандардың нақты шекараларын елді мекендердің тарихи-сәулеттік тірек жоспарлары мен карта-схемаларына ресми енгізу.

Қазақстан мен Вьетнам мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img