Елімізде балалардың онлайн платформаларды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында жаңа құқықтық нормалар әзірленіп жатыр. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін мәлімдегендей, бұл заң жобасы Құрылтайдың жаңа сессиясы басталғанда депутаттардың қарауына ұсынылады.
16 жасқа дейінгі балаларға қойылатын шектеулер
Әзірленіп жатқан заң жобасының ішіндегі ең негізгі жаңашылдықтардың бірі — жасөспірімдердің виртуалды кеңістіктегі белсенділігін бақылау.
Министрлік ұсынған түзетулер аясында мынадай шаралар қарастырылған:
Әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда 16 жасқа толмаған балалардың өз бетінше тіркеуден өтуіне заң жүзінде шектеу қойылады;
Инфобизнесті реттеу бойынша Балалар қауіпсіздігінен бөлек, құжат ішінде желідегі түрлі онлайн коучтердің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттейтін арнайы нормалар да қамтылған;
Үкімет деңгейіндегі талқылау: Қазіргі уақытта жаңа тетіктер Парламентке әлі енгізілген жоқ. Түзетулер жобасы Үкіметтің қарауында жатыр және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кезеңінен өтуде. Алдағы уақытта бұл нормалар Құрылтай алаңында кеңінен талқыланбақ.
Халықаралық тәжірибе және әлемдік үрдіс
Евгений Кочетов өз сөзінде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу жаһандық трендке айналғанын атап өтті. Кейінгі жылдары Еуропаның көптеген мемлекеттерінде осы бағыттағы заңнамалық өзгерістер белсенді түрде пысықталып жатыр. Тіпті Еуропарламент бұл норманы барлық мүше елдердің ұлттық заңнамаларына енгізуді ресми түрде ұсынған.
Оған қоса, мұндай қатаң шектеулер Австралия мемлекетінде де қабылданып, қазіргі уақытта күшіне еніп үлгерді. Осы орайда, министрлік өкілдері Қазақстан қоғамы үшін де бұл норманың дер кезінде көтеріліп отырғанына және аса қажет екеніне сенім білдірді. Елімізде әлеуметтік желі қолданушыларын жасына қарай шектейтін заң жобасының алғашқы талқылаулары осы жылдың басында-ақ басталған болатын.


