Биыл білім беру ұйымдарына 12 мыңға жуық педагог қабылданады

Қазақстанда алдағы 2026–2027 жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру ұйымдарына 11 435 педагог жұмысқа қабылданады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінде хабарланды. Өңірлердің болжамды деректеріне сәйкес, жаңадан тартылатын ұстаздар қауымының жартысынан астамын, яғни 5 741-ін (50,2%) жас мамандар құрайды.

Педагогикалық кадрлар құрамы мен статистикалық көрсеткіштер

Бүгінде Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог қызмет атқарады. Еліміздегі мұғалімдердің 81 пайызын әйелдер құрайды. Жыл сайынғы кадрлық толығудың басым бөлігі педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді жаңа аяқтаған жас түлектер есебінен қамтамасыз етілуде.

Елімізде бір дәрігер бірнеше мамандық бойынша пациент қабылдай алады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img