Еліміздегі IT қызметтерінің экспорты 1 миллиард доллардан асты

Қазақстанда соңғы 5 жылда ақпараттык технологиялар саласы қарқынды дамып, IT қызметтердің экспорты 1 млрд 142 млн АҚШ долларына жетті.

IT қызметі қысқа мерзім ішінде отандық цифрлық өнімдер экспорттың негізгі әлеуетті бағыттарының біріне айналды. Отандық мамандар мен компаниялар қазірдің өзінде 100-ден астам мемлекетке үлкен деректерді талдау платформаларын, GovTech-шешімдер және қаржы секторындағы озық өнімдерін экспорттауда.

Негізгі экспорттық нарықтар мен Astana Hub үлесі

Отандық өнімдер негізінен АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің нарықтарына бағытталған. Табысты жобалардың көбі Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық кластер – Astana Hub алаңында жүзеге асырылуда. ҚР ЖИЦДМ Цифрлық активтер және озық технологиялар комитетінің төрағасы Жолдас Сахановтың мәліметінше, Astana Hub қатысушыларының экспорты 2025 жылдың қорытындысы бойынша 634 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі таңда 537 компания өз өнімдерін шетелдік нарықтарға белсенді түрде шығарып отыр, ал экожүйеде 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Цифрлық саланың қарқынды дамуы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, экономиканың жаңа тірегіне айналуда. Келесі кезеңдегі стратегиялық міндет — отандық IT экспорт көлемін 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу. Сала мамандарының бағалауы бойынша, бірер жылда цифрлық индустрия ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Билл Гейтс ЖИ-дың дамуынан туындайтын қауіптерге тоқталды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img