Елордада жүлде қоры 500 мың теңгені құрайтын еңбек адамы туралы үздік материалдар байқауы жарияланды

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал еңбек» жобасы аясында еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған ауқымды қалалық байқау басталды.

Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары, тәуелсіз авторлар мен мобилографтар қатыса алады.

Байқау номинациялары мен жүлде қоры

Жалпы жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды. Қатысушылар өз жұмыстарын келесі негізгі номинациялар бойынша ұсына алады:

«Үздік телевизиялық/бейнематериал» – 100 000 теңге;

«БАҚ-тағы үздік жарияланым» – 100 000 теңге;

«Үздік цифрлық контент/медиажоба» – 100 000 теңге.

Сонымен қатар «Креативті көзқарас», «Трендтегі медиаролик» және басқа да арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздарға 50 000 теңгеден сыйақы беріледі. Жұмыстар 7–21 қыркүйек аралығында қабылданады. Барлық конкурстық материалдар мен өтінімдер онлайн форматта қабылданады. Байланыс нөмірі +7 700 968 8204.

Байқаудың басты мақсаты – жұмысшы және кәсіби мамандықтардың беделін көтеру, түрлі сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесін көрсету және қоғамда адал әрі жауапты еңбек мәдениетін насихаттау.

Қазақстанда Отбасы күніне арналған республикалық апталық өтуде — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img