Франкфурт кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның 300-ге жуық туындысы ұсынылды

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында әлемдегі ең ірі әдеби шаралардың бірі – Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтуде.

Биылғы беделді көрмеде Қазақстанның ұлттық стенді кең көлемде ұйымдастырылып, отандық әдебиеттің жетістіктері әлем жұртшылығына паш етілуде, деп хабарлайды jananews.kz.

Ұлттық стенд пен таныстырылған туындылар

Ауқымды халықаралық шараға Қазақстаннан 30-дан астам баспагер мен әдебиет саласының өкілі қатысуда. Көрмеге 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық таңдаулы кітабы қойылды. Жәрмеңке аясында отандық қаламгерлер мен авторлардың бірқатар маңызды еңбектері таныстырылды. Атап айтқанда, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект жолы» кітаптары, сондай-ақ «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка», «BÖRTE. Ұлы Дала патшайымы», «Ахмет Кенесарин. Сұлтан Сыдықтың шежіресі» және «Уәли хан дәуірі және Абылай ханның ұрпақтары» атты туындылар шетелдік оқырмандардың назарына ұсынылды.

Халықаралық ынтымақтастық және кездесулер

Бағдарлама барысында сала мамандары көркем аударма мәселелерін жан-жақты талқылады. Ал Contemporary Voices of Kazakhstan әдеби кездесуінде шетелдік оқырмандар қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа өкілдерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

Шара барысында Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулының міндетін атқарушы Мұрат Тәукебаев ұлттық стендті аралап, отандық делегация өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар, қазақстандық баспагерлер шетелдік әріптестерімен тығыз келіссөздер жүргізіп, отандық әдебиетті жаһандық деңгейде насихаттау, кәсіби тәжірибе алмасу және болашақта ортақ жобаларды жүзеге асыру бағытында уағдаластыққа қол жеткізді.

Президент Бельгия Королі және Патшайымымен Астанадағы балаларды оңалту орталығына барды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img