Германиядан Қазақстанға 5 мың асыл тұқымды мал әкелінеді

Қазақстан мен Германия арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастық қарқынды даму үстінде.

Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі ретінде жыл соңына дейін Германиядан жалпы құны шамамен 6 млрд теңге болатын 5 мың бас голштин-фриз тұқымды ірі қара малын жеткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды jananews.kz.

Екіжақты кездесу және сауда байланыстары

Бұл мәселе Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин мен Германияның Ауыл шаруашылығы федералдық министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Мартина Энгльхардт-Копфтің кездесуінде талқыланды. Тараптар сауда байланыстарын кеңейтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін сөз етті.

2025 жылы агроөнеркәсіп өнімдерінің өзара сауда көлемі 23%-ға өссе, Қазақстанның аталмыш сала бойынша экспорты 38%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға көбейді.

Ауыл шаруашылығындағы бірлескен жобалар

Кездесуде сүтті мал шаруашылығын дамыту мен заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. KFM жобасы аясында 400-ден астам отандық маман арнайы оқудан өтіп, біліктілігін арттырды. Сондай-ақ сүт өндірушілерге кеңес беріп, оқытатын арнайы орталық ашылды. Қазақстанда немістің CLAAS компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын шығару жобасы сәтті жүзеге асуда. Серіктестік басталғалы бері жалпы құны шамамен 270 млрд теңге болатын 2,1 мыңға жуық техника өндіріліп, шаруалардың заманауи құрал-жабдықтарға қол жеткізуіне жол ашылды.

Қазақстандық шаруашылықтар мен ғылыми мекемелер Германияның PETKUS компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 2,9 млрд теңге болатын 15 тұқым дайындау техникасын сатып алды. Алдағы уақытта тараптар асыл тұқымды мал өсіру, селекция және органикалық ауыл шаруашылығы бағытындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Алматы облысында 5 инклюзивті білім беру нысаны салынады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img