“Хантәңірі қырандары” ұйымы Қазақстанда тұңғыш рет 6 ай бойы 5000 оқушы арасында кітап оқу жобасын өткізген. Жоба Райымбек ауданындағы 22 мектепті толық қамтыды.
Бүгін Алматыдағы Ғылым ордасында жеңімпаздарға арнайы құрмет көрсетілетін ауқымды іс-шара өтті. 5000 оқушыдан үздік шыққан 50 талантқа маусымның 15-і Алматы қаласының мәдени ошағына жиналды. Ауылдан шыққан ел ағаларының мақсаты Райымбек ауданынан бастап барша Қазақстанды кітап оқитын зерделі ұлтқа айналдыру.
“Балалықтан даналыққа” кітап оқу жобасы
“Балалықтан даналыққа” кітап оқу жобасы президентіміз Қ.К. Тоқаевтың “Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы” жарлығымен астасып жатыр. Іс-шараға Нұрлан Албан, Сұлушаш Нұмағанбетова, Сәкен Майғазиев, Сырымбек Тау, Тоққожа Естенов сынды мәдениет, өнер, ғылым, кәсіп саласының майталмандары қатысып, концерт өткізді. Бағдарлама аясында зияткерлік барынша насихатталып, жас ұрпаққа жол көрсетілді.
Балалаықтан даналыққа жобасының ұйымдастырушыларының бірі Ернұр Сағатбек:
Жобаның мақсаты зерделі ұлт болу, Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін, білімді азаматтарды тәрбиелеу және Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру. Әр ай сайын ұйымдастырылған жоба барысында демеушілік жасалып арнайы марапаттар беріліп отырды. Сол 6 айдың қорытындысында осы 50 оқушы жүзден жүйрік шығып, Түркістанға жолдама алды. Сапар маусымның 16-17-сі күндері туристік-мәдени танымдық бағытта өтеді. Бұл аудандағы білімді жастарға кәсіпкер, атқамінер ел ағаларының сыйлаған сыйлығы.
Мәсімғазы Айдар Советұлы — кәсіпкер, «Балалықтан даналыққа» жобасының авторы. Мақсаты балаларды кітапқа баулу, кітап мәдениетін қалыптастыру. Қолдаушылар Хан тәңірі қырандары әр ауылдан шыққан 22 мектеп бар, осы мектептердің 22 азаматы бар. Сол жерге кітап алып беріп жатқан ай сайын жарыс өткізіп, жүлде қорын беріп жатқан солардың қолдауымен жүргізілуде.
Бүгін Ғылыми академияда қорытындысын өткізудеміз. Ғылыми академияда есігін ашып, төрге шығарып жатқан сол оқушыларымыздың жеткен жетістігінің арқасында. Мұқағали, Бауыржан Момышұлы басқа да ғалымдар жүрген жерде, Қаныш Сәтбаев салған ғылым ордасы. Олар ұстаған тұтқаны біздің де ұл-қыздарымыз ұстасын, рухы дарысын деген мақсатта осы жерге әкелдік.
1-сыныптан бастап жоғары сыныпқа дейін, жас ерекшеліктеріне байланысты 3 буынға бөлдік. Төмен сыныптарға ертегі-қисса дастандарды оқыттық, жоғары сыныптарға тұлға тану, идеалогиялық мақсатында кітаптарды талдап өткіздік. Қазіргі балалардың қиял ғажайып әлемінде самғау, арман қуып, армандауы мақсат қойып жоспарламайды. Кішкентай кезден ертегі оқыған бала оның арманы асқақ болады, қазір ертегі оқитын әже жоқ, аңыз оқитын ата жоқ. Кітап- ең жақсы дос, — деп мәлімдеді.
Тоққожа Естенов кітап оқудың маңыздылығын, кітап арқылы жетістікке жету және білімді, ілімді қалыптастыра аламыз. Жастайынан кез-келген бала кітап оқып өсуі тиіс. Білімді болған адам кез-келген жерде озады, ал білімді мемлекет озық дамиды, -деді.
Оқушылар «Қаныш және ғылыми майдан», «Өзбекәлі және мәдени майдан» және»Жұмабек және жер майданы» сынды кітаптарды оқып, ұлы тұлғалардың ерлігі мен еңбектері туралы сөз қозғады. Санжар Керімбайдың бұл кітаптары рухани азық, білім мен өнеге береді.
Автор: Аружан Султанбек


