Елімізде бірегей табиғи нысандарды сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту және экологиялық туризмді дамыту бағытында маңызды шешім қабылданды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, суының ерекше қызғылт реңкімен танымал Көбейтұз көлі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына енгізіледі. Бұл шешім елордадан 160 шақырым жерде орналасқан көлдің нәзік экожүйесін тиімді қорғауға және оның табиғи болмысын келер ұрпаққа сақтауға мүмкіндік береді.
Жағалауды абаттандыру және туристік инфрақұрылым
Көбейтұз — Ақмола облысының басты табиғи символдарының бірі. Келушілер санының артуына байланысты Ақмола облысының әкімдігі көлдің экожүйесіне зиян келтірмейтін арнайы абаттандыру жұмыстарын бастайды:
— Келушілер мен туристердің сирек кездесетін табиғи құбылысты қауіпсіз тамашалап, суретке түсіруі үшін арнайы бақылау алаңшасы мен заманауи автотұрақ салынады.
— Атқарылып жатқан шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарына толықтай сай келеді.
Гидрохимиялық сараптама нәтижесі және енгізілетін шектеулер
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл суының құрамына кешенді зерттеу жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша су құрамында бірқатар заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) жоғары екені анықталды:
Су құрамында аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар мөлшері нормадан жоғары. Осыған байланысты Көбейтұз көліне шомылуға және оның жағалауынан тұз бен батпақ жинауға қатаң тыйым салынады.
Қауіпсіздік және бақылау шаралары
Абаттандыру және қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде көлге қолжетімділік бірізді түрде шектеледі:
Министрлік кең тараған дәрілік препараттар туралы ескертті — jananews.kz


