QazaqGaz компаниясының желілері жылыту маусымына 91% дайын

«QazaqGaz» компаниясы алдағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Бүгінгі таңда жоспарланған техникалық жұмыстардың 91 %-ы толық орындалды. Тұтынушыларды көгілдір отынмен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында газ құбырларының басым бөлігі тексеріліп, газ реттеу қосындары ағымдағы жөндеуден өткізілді.

77 мың шақырым желі және озық дрон технологиясы

Газ тасымалдау инфрақұрылымын тексеру барысында заманауи сандық және автономды жүйелер кеңінен қолданылуда. Еліміз бойынша 77 мың шақырымнан астам газ желісі мен олардың бойындағы газ шаруашылығы нысандары толықтай тексерістен өтті. Жүйедегі 287 мыңнан астам газ реттеу қосынының негізгі бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, апаттық аумақтардағы тозған құбырлар жаңасына ауыстырылды. Көлік жете алмайтын күрделі аумақтарда автопилотпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Бағдарламаланған карта бойынша ұшатын аппараттар 100 метр биіктіктен газдың шығып кетуін (утечка) және техникалық ақауларды жоғары дәлдікпен анықтайды.

Компания мамандары жөндеу жұмыстарымен қатар тұрғындарға көгілдір отынды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіріп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратуда.

Тұрғындар көбіне қандай заттарды онлайн тапсырыс береді? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img