Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің білім беру саласындағы жетістіктері мен еңбек нарығындағы өзгерістерге тоқталды.
Оның айтуынша, Қазақстан кәсіптік және техникалық дағдылар бойынша Жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілігі индексінде (ГИК) 39 сатыға жоғарылап, 122-орыннан 83-орынға көтерілді. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер тарапынан кәсіби біліммен қатар коммуникативтілік, сыни ойлау, бейімделу және цифрлық сауаттылық дағдыларына басымдық берілуде.
Еңбек нарығындағы жаңа үрдістер мен мамандықтар трансформациясы
Технологиялық өзгерістер мен жаһандық трендтер мамандықтар құрылымына тікелей әсер етуде. Болашақта 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады. 100-ге жуық мамандық түрленіп (трансформацияланып), 125 мамандық бойынша сұраныс төмендейді. Аталған үрдістер техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін еңбек нарығы мен заманауи технологиялық өзгерістерге алдын ала бейімдеуді қажет етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті — jananews.kz

