Елімізде енді шегірткемен күрес үшін авиация мен дрондар пайдаланылады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді.

Қорғаныс шаралары және заманауи техника

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зиянкестермен күрес жұмыстары республиканың 12 өңірінде қатар жүріп жатыр. Жедел шаралар барысында зиянкестер ошақтарын жою үшін заманауи техникалық мүмкіндіктер жұмылдырылған.

Алқаптарды зарарсыздандыру үшін химиялық өңдеуге арнайы авиация тартылған, алқаптарды дәлдікпен қорғау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда және мамандандырылған арнайы жерүсті техникасы үздіксіз пайдалану арқылы жүзеге асырылуда.

Өңірлердегі ахуал және мониторинг

Бүгінгі күні атқарылған өңдеу жұмыстары көлеміне қарай Түркістан облысында — 291,2 мың гектар, Жамбыл облысында — 116 мың гектар, Ақтөбе облысында — 35,6 мың гектар, Жетісу облысында — 17,3 мың гектар орындалды.

Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекемесімен бірлесіп жұмыс істеуде. Олар зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына тұрақты мониторинг пен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық өңірлер қорғаныс шараларын толық көлемде жүргізу үшін қажетті пестицидтер қорымен және арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

Шекаралас аймақтардағы бақылау

Шегірткелердің шекаралас аумақтар арқылы жаппай көшуіне жол бермеу мақсатында министрлік алдын алу шараларын қолға алды. Осы орайда көршілес елдердің салалық ведомстволарымен тұрақты түрде жедел ақпарат алмасу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздегі шегіртке зиянкестерінің таралу жағдайы мен жүргізіліп жатқан қорғау шаралары Ауыл шаруашылығы министрлігінің айрықша бақылауында тұр.

Алматы облысында жаңа фармацевтикалық зауыт салынады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img