Елде заңсыз қоқыс полигондарының 93%-ы жойылды

Жыл басынан бері елімізде 2 817 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталып, оның 2 647-сі толықтай тазартылды.

Бұл жалпы тіркелген заңсыз қоқыс орындарының 93%-ы, деп ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап jananews.kz хабарлайды.

Ғарыштық мониторинг және рейдтік шаралар

Ведомство мәліметінше, стихиялық қоқыс орындарын анықтау мен жою жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта министрлік 2018 жылдан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тұрақты ғарыштық мониторинг жүргізіп келеді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері, жергілікті әкімдіктер мен экобелсенділерден құралған 900-ден астам мобильді топ 58 мыңнан аса рейд ұйымдастырды.

Тексерулер қорытындысы бойынша 177 800 құқық бұзушыға әкімшілік шара қолданылып, салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 738,9 млн теңгені құрады. Заңсыз қоқыс орындарының саны жыл санап азаюда. Егер 2018 жылы республика бойынша 8 680 полигон анықталса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 2 817-ге дейін қысқарды.

«Тұрақты бақылау, жүйелі жұмыс және әр азаматтың жеке жауапкершілігі елді мекендердің тазалығын сақтауға ықпал етеді. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның оған жауапкершілікпен қарауынан басталады», — делінген министрлік хабарламасында.

Айжан Темербаева ЖОО-ларда IT мамандарын даярлау жүйесін сынға алды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img