Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қатаң тексеруден өткізбек, — деп хабарлайды jananews.kz.
Мониторингтік топтың негізгі міндеттері
Осы мақсатта университетке арнайы мониторингтік топ жіберіледі. Студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты заңнамалық талаптар мен ішкі ережелердің сақталуын бақылау, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және алдын алу жұмыстарының тиімділігіне жан-жақты баға береді. Тексеру барысында әртүрлі жанжалдардың алдын алуға, жастардың өтініштеріне уақытылы жауап қайтаруға және қажетті психологиялық көмек көрсету тетіктеріне басты назар аударылады.
Мониторинг қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздік деңгейін арттырып, профилактикалық жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде қосымша кешенді шаралар әзірленеді.
Енді телефон нөмірін өзгертпей, операторды ауыстыруға болады — jananews.kz

