ҚызПУ- БАҚ өкілдеріне баспасөз-тур өткізді

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған Баспасөз-турын өткізді. Іс-шара барысында университеттің заманауи аудиториялары мен болашаққа жоспарлары таныстырылды.

Журналистерге 9 қабатты және 4 қабатты екі филиалы таныстырылды. Ғылыми-инновациялық бағыттағы «Coding School», «Apple Lab», «3D Lab», Молекулалық физика және термодинамика зертханасы, Биотехнологиялық зерттеулер зертханасы, PHYWE интерактивті кабинеті тағы басқа ғылыми орталықтардың жұмысы таныстырылды. Жаңа технологияларға толы бұл аудиторияларда практика мен теория дамыған түрде жүргізіледі. Оқу орны болашақ педагог мамандарын даярлағандықтан оқу технологияларының озық болуы әлдеқайда жақсы маман шығаруға септігін тигізеді.

Зерттеу орталықтары мен олардың ерекшеліктері

Ал арнайы зертханада әрбір жеке пәннің зерттеу құрылғылары бөлек кабинеттерде орналасқан, әрі соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Тіпті сұйықтықты элементтен бөлетін құрылғы мен толықтай зерттейтін аппарат бар. Аппараттың негізгі мақсаты студенттерге элементтерді толықтай ашып зерттеуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері жалпы білім беретін мектептерде шахмат пәнін оқыту мамандарын даярлауға бағытталған заманауи білім беру алаңы — KazChessLab зертханасында, QyzPU медиастудиясында, Қыш өнері кабинетінде, жаңартылған Хореография залында, Coffee Book кеңістігінде, Дизайн және бейнелеу өнері студиясында болды. KazChessLab зертханасында шахмат тақтайлары, таймер тағы да басқа қажетті жабдықтар қамтылған. Аудиторияда БАҚ өкілдері өзара бақ сынасып, әрі шахмат ойынының куәсі болды.

Хореография залында студенттерге барлық жағдай қарастырылған, пианино басқа да аспаптар және дыбыс акустикасы сапалы жасалған. Сондай-ақ, тәлімгерлер тәжірибелерімен бөлісіп, хореография залында студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Ал екінші филиалда зертханалық және практикалық кабинеттер бар. Баспасөз қызметкерлері келе сала тәлімгер мен студенттермен бірге гүл отырғызып, аулаға қойылатын тастарды бояп шықты. Бұл әрі практика әрі сергіту сәті болды.

Жеке лабораториялар мен арнайы жабдықтар

Физикалық лабораторияда соңғы үлгідегі құрылғылар таныстырылып, оның негізгі мақсаты түсіндірілді. Болашақ мамандардың техникаларды түгел игеруі мектепке білікті ұстаз ретінде және жаңа бағытта жұмыс істеу үшін арнайы даярланған. Ең қызығы арнайы медициналық бөлме. Ондағы аппараттар студенттің емтиханға дейінгі және кейінгі күйін, қанша кг май, су және қаңқадан тұратындығын анықтайды. Сонымен қатар жүгіру жолағы мен вело құрылғысы да бар. Осы арқылы студенттің жәй-күйін бақылауға болады. Ал биологиялық кабинетте заманауи микроскоптар мен бақылау компьютерлері орналасқан. Онда белгілі бір заттың құрылымы мен бейнесін көруге болады.

Заманауи кітапхана

Алматыдағы ең үлкен кітапханалардың бірі осы оқу орнында орналасқан. Кітаптар саны 1 млн 84 мыңды құрайды. Заманға сай ыңғайлы жасалған және әр үстелге жарық қойылған. Таң қалдыратыны кітап қабылдайтын инновациялық аппарат болды, яғни кітапты алған кезде және қайтарған сәтте арнайы құрылғыға енгізу арқылы уақыт үнемдеуге болады. Бұл технология оңай әрі студенттер үшін тиімді.

Дәліздерде жеке кішкентай бөлмелер мен арнайы демалу орындары бар. Топтық жұмыстар үшін де тақта мен технологияларға толы жеке кабинеттер жабдықталған. Әрі ана атанған студенттерге де ерекше жағдай жасалған. Ана мен бала жеке бөлмесі және балалар ойнайтын жерді де көруге болады.

Студенттер тек елімізде ғана білім алып қоймай шет елдерге де оқуды жоспарлайды. БАҚ өкілдері шетелге дайындалып жатқан студенттерді көріп, олардың Еуропа тағы да басқа дамушы елдердің ЖОО-на түспекщі екендігінің куәсі болды. Оқу орнының ректоры Бейбіткүл Каримова оқу орнының болашақта өзге де әлемдік тек қыздар ғана білім алатын ЖОО-мен бірлесе жасалатын жоба туралы мәлімдеді. Жобаның негізгі мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан Жоғары оқу орындарын байланыстыратын ұйым құру, әрі сол ұйымның жетекші ЖОО-ны атану.

80 жылдан астам тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан мен қатар ТМД елдері мен Орта Азиядағы қыздарға арналған бірегей жоғары оқу орны.
QyzPU сапалы біліммен қатар ұлттық тәрбиені, әдеп қағидаларын бойына сіңірген, инновациялық ғылымды меңгерген, бәсекеге қабілетті интеллектуал қыздарды тәрбиелеп шығаратын жан-жақты дамытатын оқу орны.

 

Үздік ақ халатты абзал жандар енді сыйақы алады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img