Студенттерге арналған «Абай — Акиф Ерсой» деп аталатын стипендиялық бағдарлама пайда болды

Мәдени-гуманитарлық байланыстар қазақ-түрік қатынастарының алтын көпірі іспетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның кездесуі аясында екі бауырлас ел арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы стратегиялық серіктестікті жаңа белеске көтеретін бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Білім беру саласындағы ауқымды мектеп жобалары

Қазақ-түрік ынтымақтастығының айқын көрінісі ретінде Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындар үшін Қазақстанның атынан салынған жаңа заманауи мектептің ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл қадам қазақ халқының түрік бауырларына деген шынайы қолдауы мен ыстық ықыласының белгісі болып табылады.

Сондай-ақ мемлекеттік сапар шеңберінде екі елдің тиісті министрліктері Астана және Алматы қалаларында халықаралық «Маариф» қорының екі бірдей жаңа мектебін ашу туралы меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысы бұл білім ордаларының құрылысына қажетті жер телімдерін бөлу жөнінде шұғыл тапсырма берді. Жаңа мектептердің құрылысы жақын арада басталып, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелейтін іргелі орталықтарға айналады деп күтілуде.

Жоғары білім, студенттер ағыны және жаңа гранттар

Жоғары білім беру бағытындағы серіктестік те қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы Түркияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатса, еліміздің университеттерінде 260-қа жуық түрік студенті оқиды. Бұл алмасу процесін одан әрі жандандыру мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, тараптар «Абай — Акиф Ерсой» деп аталатын жаңа стипендиялық бағдарламаны бекітті. Бұл халықаралық грант екі ел жастарына өзара стипендия арқылы тегін әрі сапалы білім алуға кең жол ашады.

Университеттер арасындағы байланысты тереңдету мақсатында мынадай ірі жобалар жүзеге асырылмақ, жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркияның беделді Гази университетінің ресми филиалы өз жұмысын бастайды. Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркия аумағында өз филиалын ашуды жоспарлап отыр.

Ердоғанға берілген жоғары марапат және қол қойылған құжаттар

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің бірлігін бекемдеуге және қоғамдық-саяси, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты күшейтуге қосқан зор еңбегі үшін Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды түркі әлемінің рухани көсемі — «Qoja Ahmet Yasaui» орденімен марапаттады. Айта кетерлігі, Ердоған мырза бұл беделді мемлекеттік награданың тарихтағы тұңғыш иегері атанды.

Сапар қорытындысы бойынша президенттер стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойып, ресми делегациялар мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі жалпы саны 14 маңызды құжатпен алмасты.

Мемлекет басшысы алғышқы ЛРТ жұмысын іске қосты — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img