ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады

Қазақстанның паралимпиадалық және инклюзивті спорты тарихында айтулы оқиға орын алмақ.

Церебралды сал ауруына шалдыққан (ЦП) спортшылар арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Халықаралық ЦП-футбол федерациясы (IFCPF) ұйымдастыратын IFCPF Men’s World Championships 2026 турнирі Англияның Лафборо қаласында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми хабарлауынша, әлемдік біріншілік бәсекелері 2026 жылдың 15-24 тамызы аралығында өтеді.

Әлем чемпионатына дайындық және Астанадағы жиын

Бұл турнир отандық ЦП-футбол мектебі мен спортшылар үшін тарихи белес болды. Еліміздің намысын қорғайтын ойыншылар халықаралық аренада жоғары деңгейде тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін әлемге танытуға бірегей мүмкіндік алады. Халықаралық додаға аттанбас бұрын ұлттық құрама Астана қаласында қарқынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бапкерлер штабы ел астанасында команданың физикалық, тактикалық және психологиялық дайындығын шыңдайды.

Оқу-жаттығу жиындары барысында тактикалық схемалар пысықталып, әлем чемпионатына қатысатын негізгі құрам бекітіледі. Ұлттық құрама Англияда өтетін IFCPF Men’s World Championships 2026 бәсекесінде ел намысын алғаш рет қорғайды.

 

Жыл соңына дейін цифрлық теңге 100 жобаға енгізіледі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img