Каспий теңізін экологиялық қауіптерден қорғау жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасының жұмысымен танысты.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында аймақтың теңіз құтқару жүйесі мен инфрақұрылымын нығайту мәселелері қаралды.

«Теңіз жасағы» және акватория қауіпсіздігі

Министрге Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай төгілуін жоюға, сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы кемелер мен жабдықтар таныстырылды. Теңіз флотының төтенше жағдайларға жедел шығу дайындығы ерекше назарға алынды. Мемлекет басшысының Каспийдегі экологиялық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында маңызды қадамдар жасалды.

Каспий теңізі акваториясын экологиялық қауіптерден қорғау және құтқару жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы «Теңіз жасағы» АҚ құрылды. ТЖМ басшысы Каспий өңіріндегі теңіз авариялық-құтқару инфрақұрылымын дамыту ведомство жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Приморский» каналын тазарту және тереңдету

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі жағдайында «Приморский» каналы мен базаға баратын су жолдарының кеме қатынасына жарамдылығын сақтау — кезек күттірмейтін мәселе. Осыған орай, ТЖМ үйлестіруімен 2026 жылғы наурыз айынан бастап каналды кеңейту, тереңдетіп мелиорациялау бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Бұл жобаның басты ерекшеліктері барлық тазарту және абаттандыру шаралары мемлекеттік бюджет қаражатын тартусыз орындалды. Атқарылған жұмыстар каналды толық тазартып, мамандандырылған флоттың тәулік бойы жедел әрі тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Каналдың тазартылуына байланысты өткен іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жандос Оразалиев қатысты.

Жергілікті билік өкілдері бұл шараны өңір үшін тарихи оқиға және теңіз инфрақұрылымының тұрақтылығын арттыратын маңызды қадам деп бағалады. Солтүстік Каспий жобасының басшылығы да экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тиімді әріптестік үшін министрлікке ризашылығын білдірді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жобалары банкін қалыптастыруға жаңа тәртіп енгізді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img