Жүргізуші куәлігін алу емтиханына қатысты жаңа ережелер әзірленді

Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру қағидаларына бірқатар маңызды өзгерістер мен түзетулер әзірледі.

Бұл бастама мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге, артық рәсімдерді қысқартуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды jananews.kz.

Емтихан тапсыру мерзімдері мен ақылы жүйе

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранованың айтуынша, емтихан тапсыру тәртібіне жаңа талаптар енгізіледі. Егер теориялық немесе практикалық емтиханнан бірінші рет сүрінсеңіз, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға мүмкіндіқ бар. Ал екінші рет сәтсіз болса, қосымша дайындалуға 10 күн уақыт беріледі.

Теориялық немесе практикалық емтиханды 3 реттен артық өте алмаған жағдайда, кейінгі әрекеттер ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл шара үміткерлердің емтиханға тиянақты дайындалуын қамтамасыз ету үшін енгізілді. Егер үміткер теориялық емтиханды сәтті тапсырып, бірақ практикалық сынақтан өте алмаса, теориядан алған оң нәтижесі сақталады.

Көлікті қайта жабдықтау және шетелдік куәліктерді ауыстыру

Жаңа қағидалар азаматтардың уақытын үнемдеуге және қауіпсіздікті күшейтуге арналған. Автокөлікті қайта жабдықтағаннан кейін оны қайтадан арнайы тексеруден өткізудің қажеті жоқ – енгізілген өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын ресми құжат болса жеткілікті.

Шетелдік жүргізуші куәлігін қазақстандық үлгідегі құжатқа ауыстыру үшін міндетті түрде теориялық емтихан тапсыру қажет. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне жауапты орган куәлікті берген шет мемлекеттің құзыретті мекемесіне ресми сұрау жібереді. Құжаттың түпнұсқа екені толық расталғаннан кейін ғана куәлік ауыстырылып беріледі. Бұл жалған құжаттарды қолданудың алдын алуға бағытталған қатаң қауіпсіздік шарасы.

Алматы көпсалалы колледжінде «Үздік Педагогикалық шешім» атты байқау өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img