Қазақстанда 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жыл басынан бері 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылғанын айтты.

«Ауыл шаруашылығы машиналары секторында соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 4 есеге өсті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары отандық техникамен, оның ішінде әлемдік CLAAS, Horsch, Deutz Fahr брендтерінің Қазақстанда өндірілген заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл әлемдік нарықтың көшбасшылары Amazone және Zoomlion компаниялары елге тартылды. Сонымен қатар, трактор кабиналары мен комбайн бункерлері сияқты ірі бөлшектердің өндірісі іске қосылды», – деді министр Үкімет отырысында.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img