Ақтаудағы ұшақ апаты қалай болды?

Еліміздің Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының қалай болғанын айтып берді.

— Ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне енгеннен кейін Ақтау қаласындағы мұнара диспетчерімен байланыс орнатқан. Диспетчер ұшақты әуежайға қондыру бойынша қажетті шараларды дер кезінде қабылдап үлгерген. Ұшу-қону жолағымен визуалды байланыс орнатуды жеңілдету үшін шамдары қосылған, — деді Марат Қарабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше әуе экипажы Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жақындауға екі рет әрекет жасаған.

— Сол кезде әуе кемесінде ретсіз өзгерістер байқалды. Ұшақ жағалау сызығына қарай ауытқиды, сағат 11:28–де экипажбен байланыс үзіліп, жерге құлады. Бүгінде арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр, оның құрамына көліктегі оқиғалар мен оқиғаларды тергеу департаментінің мамандары кірді, — дейді ведомство басшысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img