Мемлекеттік сатып алу саласында қандай жүйелі проблема бар?

«Қазақстан қаптаушылар қауымдастығы» ЗТБ мемлекеттік сатып алу саласындағы жүйелі проблемаға назар аударды. Бұл жағдай отандық өндірістің дамуын және өңдеу өнеркәсібін нығайтуға бағытталған стратегиялық міндеттердің орындалуына кедергі болып отыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуларда басымдық ішкі құндылығы жоғары дайын өнімге (ІЖО) берілуі тиіс. Алайда шын мәнінде отандық өндірушілер нарықтағы орнын жоғалтып отыр: мемлекеттік органдар мен мекемелер, жиі тауарларды емес, қызметтер мен жұмыстарды сатып алады, ал бұл ретте мердігерлер қажетті өнімді өз бетінше, көбінесе шетелдік өндірушілерден сатып алады.

Жарқын мысалдардың бірі — мектептерде, ауруханаларда және мемлекеттік мекемелерде пайдаланылатын санитарлық-гигиеналық өнімдер. Қазақстандық өнімді тікелей сатып алудың орнына, мекемелер клининг қызметіне тапсырыс береді. Соңғы бір жыл ішінде мұндай тендерлердің көлемі 61,67 млрд теңгеге артқан, ал осы сегменттегі отандық өнімді сатып алу азайған.

Осындай тәсіл жеңіл өнеркәсіп саласында да қолданылады: дайын қазақстандық киімді сатып алудың орнына, «тігін жұмыстары» ретінде рәсімделеді, бұл ұлттық режим талаптарын айналып өтуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қауымдастық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Антикор) ұлттық режим қағидаттарының сақталуын бақылау және мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнды қадағалау өкілеттіктерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ отандық өндірушілердің құқықтары мен мүдделерін тек тауарларды сатып алу кезінде ғана емес, қызметтер мен жұмыстарды алу кезінде де қорғауға өкілеттікті беруді ұсынады.

«Біздің ойымызша, бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) нақты әсер ету беделіне ие. Елдің экономикалық қауіпсіздігі, инвестициялар мен отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғаумен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы, өңдеу өнеркәсібін және дайын өнім өндірісін дамыту бағытын нақты айқындап берді. Жоғары деңгейлі локализациясы бар өнімдерге басымдық беру-бұл мемлекеттік ақшаның өз өндірушілерін қолдауға жұмсалатын әлемдік тәжірибе.
Мұндай модель тұрақты дамуға әкеледі: тұрақты сату — өндірістің өсуі — жаңа жұмыс орындары — салық түсімдерінің артуы. Бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленісті азайтып, экономикалық тұрақтылықты нығайтады. Егер біз тауарды тікелей сатып алуды, қызметтер мен жұмыстарға алмастыруды тоқтатпасақ, стратегиялық маңызды салалардағы өнеркәсіптік әлеуетімізден айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл — экономикалық егемендік пен ұлттық мүдделер саясатына қайшы келеді», — деп мәлімдеді, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының төрағасы Батырбек Аубакиров.

Қауымдастық, Антикордың қатысуымен мемлекеттік сатып алуда бақылауды күшейту — отандық бизнес үшін әділдікті қалпына келтірудің, инвестицияларды ынталандырудың және Қазақстанның өндірістік қуатын сақтап қалудың шешуші қадамы болады деп сенеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img