Қазақстан ТМД елдері ішінде көшуге ең қолайлы ел атанды

Қазақстан 2026 жылғы «Immigration Index» халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты.

Америкалық беделді Remitly компаниясы әзірлеген бұл жаһандық зерттеу әлемнің 82 мемлекетін қамтыған. Жалпырейтингтік қорытынды бойынша Қазақстан 53-орынға тұрақтап, тізімге енген барлық посткеңестік елдердің ішінде ең жоғары нәтижені көрсетті. Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, индекс тек тар шеңберлі экономикалық көрсеткіштерге ғана сүйеніп жасалмаған. Оның негізіне өмір сүру сапасы, жалпы қауіпсіздік деңгейі, отбасын құру мен бала өсіруге арналған қолайлылық және шетелдік азаматтардың жаңа әлеуметтік ортаға тез әрі кедергісіз бейімделу мүмкіндіктері алынған.

Рейтингтегі өзге ТМД елдерінің көрсеткіштері

Зерттеу нәтижесінде көшуге қолайлылық деңгейі бойынша ТМД аймағындағы мемлекеттердің позициялары келесідей реттілікпен тізілді:

Қазақстан — 53-орын

Молдова — 56-орын;

Әзербайжан — 66-орын;

Армения — 74-орын;

Өзбекстан — 75-орын.

Айта кету керек, геосаяси немесе статистикалық мәліметтердің шектеулі болуына байланысты Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттері бұл жолғы зерттеу ауқымына енгізілмеген. Ал әлемдік рейтингтің көш басында ең жоғары көрсеткіштермен Швейцария тұрақтанды.

Бағалау өлшемдері мен негізгі критерийлер

Remitly сарапшылары мемлекеттерді іріктеу барысында 16 негізгі санатқа топтастырылған 34 түрлі арнайы көрсеткішті негізге алған. Мигранттардың ұзақ мерзімді болашақ құру мүмкіндігін анықтауда келесі маңызды салалар мұқият талданды:

  1. Қоғамдық қауіпсіздік деңгейі, заманауи денсаулық сақтау мен сапалы білім беру жүйесі, отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары.

  2. Қалалардағы экологиялық ахуал, қоғамдық көлік жүйесінің дамуы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігі.

  3. Тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктері, күнделікті өмір сүру құнының тиімділігі және елде бұрыннан қалыптасқан мигранттар қауымдастығының қолдауы.

Осы көрсеткіштердің барлық жиынтығы мен өзара үйлесімі бойынша Қазақстан 2026 жылы ТМД кеңістігіндегі қоныс аударуға және тұруға ең қолайлы, қауіпсіз әрі қарқынды даму үстіндегі мемлекет деп танылды.

Мектеп оқулықтарында 700-ден астам түрлі қате мен кемшілік табылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img