Жыл соңына дейін цифрлық теңге 100 жобаға енгізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қаржының ашықтығын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын мақсатты жұмсауды бақылау және цифрлық экономиканы дамыту бағытында маңызды кезең басталды.

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде цифрлық теңгені енгізудің пилоттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, тамыз айында ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша барлық техникалық жұмыстар аяқталып, мемлекеттік сатып алу кезінде цифрлық теңгені пайдалануға толық көшу жүзеге асырылады.

Цифрлық теңге платформасының қазіргі жағдайы мен қамту ауқымы

Бүгінгі таңда цифрлық теңге платформасының заңнамалық мәртебесі мен жұмыс істеу тәртібі толық бекітілген. Әзірге айналысқа 340 млрд цифрлық теңге шығарылды.

Цифрлық теңжені қолдану арқылы 20 пилоттық жоба толық іске асты, 10 жоба жүзеге асырылуда, ал тағы 50 жоба жақын арада іске қосылуға дайын. Құны 100 млн теңгеден асатын жобаларға арналған бюджеттік шығыстардың 8 ерекшелігі бойынша цифрлық теңгені міндетті түрде қолдану қарастырылған. Пилоттық жобалар инфрақұрылымдық құрылысты, бюджеттік кредиттеу мен субсидиялауды, гранттарды, салықтық әкімшілендіруді, сондай-ақ Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын қамтиды.

Заңнамалық өзгерістер мен смарт-келісімшарттар

Цифрлық теңгені қолдануды тежейтін негізгі мәселелердің бірі — бас мердігерден бастап соңғы қосалқы мердігерге дейін бюджет қаражатын толық қадағалау. Жұмысты орындаушы төменгі ұйымдар көбіне смарт-келісімшарттар жасасуға дайын емес, өйткені бұған дейін тиісті заңнамалық талаптар болмаған.

Қаржы министрлігі ақпараттық жүйелерді біріктіріп, тауарлар, дәрі-дәрмектер мен ЖЖМ мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңгені енгізеді. Сондай-ақ қосалқы мердігерлердің смарт-келісімшарттарды міндетті түрде қолдануын реттейтін нормативтік-құқықтық түзетулер дайындады. Бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында цифрлық теңге жүйесі 100 ауқымды жобада толық іске қосылады.

Цифрлық теңге деген не? (Ұлттық банк түсіндірмесі)

Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге — бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшінші формасы.

Орталық банктің цифрлық валютасы (CBDC):

Реттеу тұрғысынан цифрлық теңге мемлекеттік эмитент (Ұлттық банк) шығаратын және осы эмитенттің бірінші кезекте төлем құралы ретінде пайдалану міндеттемесіне кіретін қолма-қолсыз ақшаның жаңа түрі саналады. Бұл қаражатты мақсатты пайдалануды («бағдарламаланатын ақша») камтамасыз етеді.

Интернет-алаяқтарға алданған тұрғындардың 214 млн теңгесі қайтарылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img