Алматыда жас сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен IT-кәсіпкерлер жаңа буынның құндылықтары мен сараптамалық талдаудың рөлін талқылады.
Narxoz Business School алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің қатысуымен «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының түлектерімен ашық диалог өтті. Жиынның басты тақырыбы — жастар арасында заманауи қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру, ресурстарға жауапкершілікпен қарау, үнемшілдік қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамаларын жүзеге асыру мәселелері болды.
Деректерге негізделген шешімдер және адами капитал
Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мемлекеттің табысы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, адами капиталдың сапасымен, білім деңгейімен және азаматтардың жауапкершілігімен өлшенетінін баса айтты.
«Талдау мектебі. Алматы» — деректерге негізделген шешім қабылдау (data-driven decisions) мәдениетін қалыптастыратын және мегаполистің өзекті түйткілдері бойынша практикалық ұсыныстар әзірлейтін бірегей жоба.
Мемлекет басшысы айқындаған идеологиялық қағидаттар «Жасыл ел», «Эко-рейнджерлер», «Azamat», «НаркоСТОП», өңірлік ғылыми гранттар мен «Жастардың қатысу бюджеті» сияқты жобаларда көрініс тапты.
Спикерлердің пікірлері мен идеологиялық бағыттар
Кездесу аясында сарапшылар жас көшбасшының бойында болуы тиіс негізгі қасиеттер мен заманауи технологиялардың рөлі туралы ой сөзге тартты:
Ашық диалог соңында қатысушылар «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының кәсіби білімді, әділеттілік пен қоғамға қызмет ету құндылықтарымен ұштастыратын жаңа сарапшылар буынын тәрбиелеудегі маңызын жоғары бағалады.
Алматының Жетісу ауданында инфрақұрылым қарқынды дамып келеді — jananews.kz


