Алматы қаласында жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту және магистральдардағы жүктемені азайту мақсатында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына қатысты жаңа шектеулер енгізілді.
Қазіргі таңда қала көшелеріне білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін арнайы жол белгілері орнатылуда. Бұл шектеулер күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін қолданылады.
Шектеу қойылатын аумақтар мен мерзімдер
Жаңа тәртіп қаланың негізгі айналма және транзиттік магистральдарының аралығындағы периметр бойынша әрекет етеді:
Саин көшесі — әл-Фараби даңғылы — Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы аралығындағы шаршы шаршы. Білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын ауыр жүк автокөліктері.
Жол белгілерін орнату жұмыстары 24 шілдеде аяқталып, жаңа ережелер 2026 жылдың 25-шілдесінен бастап толық күшіне енді. Жобаны Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе іске асыруда.
Жаңа ереженің негізгі мақсаттары
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бұл шектеулер кешенді инфрақұрылымдық және экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған:
— Қаланың ең қарқынды қозғалыс магистральдарындағы көлік нөпірін реттеп, кептелістерді азайту.
— Ірі габаритті жүк көліктерінің күндізгі уақыттағы қозғалысын азайту арқылы жол қауіпсіздігін арттыру.
— Қала ішіндегі зиянды газдардың бөлінуін азайтып, экологиялық ортаға түсетін ауыртпалықты төмендету.
Қалалық полиция мен әкімдік өкілдері жүк көліктерінің жүргізушілері мен логистикалық компанияларға сапар бағыттарын алдын ала жоспарлап, жаңа жол белгілері мен полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.
Алматы мен Астана қалалары әлемдегі үздік студенттік қалалар рейтингінде жоғарылады — jananews.kz

