Еліміздегі студенттер автокөлік бояуындағы ақауды анықтайтын ЖИ-жүйе жасады

Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын өндіріске енгізу және білім беруді практикамен ұштастыру бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізілуде.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Allur автокөлік құрастыру компаниясымен бірлесіп, автокөліктің лак-бояу қабатындағы ақауларды автоматты түрде анықтайтын NOVA-Allur ЖИ-жүйесін әзірледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Өндіріс пен білімнің тоғысуы: ЖИ инновациясы

Министрдің айтуынша, елімізде цифрлық құзыреті жоғары инженерлерді даярлау 2 негізгі бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Студенттердің халықаралық білім беру бағдарламаларына қолжетімділігі кеңейтілді. Coursera платформасы арқылы соңғы 3 жылда болашақ инженерлер автомобиль өнеркәсібіне қатысты 80-нен астам курс бойынша 3 мыңнан астам сертификат алған.

Жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект кеңінен енгізілуде. Мұнда студенттердің басым бөлігі ЖИ негіздерін меңгерді, ал 60 мыңнан астам студент кәсіпкерлікте жасанды интеллектті пайдалану курстарын тәмәмдады. Студенттердің өндірістік тапсырмаларды тікелей оқу барысында шешуі — өнеркәсіп пен жоғары оқу орындарының кооперациясын жаңа деңгейге көтереді.

Жобаның негізгі кезеңдері мен нәтижесі

Студенттер халықаралық инженерия курстары мен AI-Sana бағдарламасы арқылы жасанды интеллект алгоритмдерін оқып үйренді. Қостанай өңірлік университетінің жастары Allur зауытының нақты өндірістік тапсырысы бойынша машиналық көру (computer vision) жүйесін жасап шықты. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл сәтті тәжірибені еліміздің басқа да жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарына кеңінен таратуды жоспарлайды.

 

Алматылықтарға тұрғын үй маңынан бір автотұрақ орны тегін беріледі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img