Салық органдары жеке аударым мен кәсіп төлемін қалай ажыратпақ?

Елімізде мобильді аударымдарды бақылау барлық азаматтардың жеке қаржылық операцияларына жүргізілмейді. Мемлекеттік кірістер органдары банктермен бірлесіп, тек кәсіпкерлік қызмет белгілері бар шоттарды анықтайтын нақты өлшемшарттарды бекіткен.

Бұл туралы BIZDIN ORTA подкастында Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді және жеке толықтыруларды әкімшілендіру департаментінің директоры Шындали Заңғар түсіндіріп берді. Мобильді аударымдар бастапқыда жеке тұлғалардың арасындағы өзара аударымдар үшін жасалған ыңғайлы құрал болғанымен, кейбір бизнес өкілдері оны заңсыз төлем қабылдау тәсілі ретінде қолдана бастады. Банк келісімшарттарында жеке шоттарды кәсіпкерлік үшін пайдалануға тыйым салынғанымен, бұл жағдай нарықта жиі кездеседі.

Жеке аударым мен кәсіпті ажырататын 3 басты критерий

Жеке аударымдар мен кәсіпкерлік табысты ажырату үшін салық органдары мен банктер арнайы сүзгілер енгізген.

Төлемнің 100 бөлек жеке тұлғадан түсуі.

Осы көрсеткіштің қатар келген 3 ай бойы қайталануы.

Үш айлық жиынтық соманың 1 млн 20 мың теңгеден асуы.

«100 әртүрлі адамнан үш ай бойы қатарынан ай сайын төлем түсіп, сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса, бұл — жеке аударымның емес, бизнестің бейнесі. Барлық аударымдар тексерілмейді. Қарапайым азаматтардың күнделікті аударымдарына бұл критерийлердің қатысы жоқ», — деп атап өтті Шындали Заңғар.

Шағын бизнеске арналған тиімді салық режимдері

Салық органдары шағын бизнес пен өзін-өзі қамтыған азаматтарға заңды әрі ыңғайлы жұмыс істеудің қарапайым жолдарын ұсынады. Салықтық есептілік тапсыру талап етілмейді. Тек мобильді қосымша арқылы чек (түбіртек) беріледі. Табыстың 4%-ы мөлшеріндегі төлем салық емес, азаматтың өз Зейнетақы қорына (БЖЗҚ), Әлеуметтік және Медициналық сақтандыру (МӘМС) қорларына аударылады. ЖК ретінде тіркелген жағдайда салық мөлшерлемесі табыстың 2–4% аралығында болады. Салықтан жалтару фактілері кейін анықталса, кәсіпкерге 10 пайыз көлемінде айыппұл салығы салынады.

Департамент басшысының айтуынша, қолма-қол ақшаға қайта өту уақытша құбылыс. Тұтынушылар QR-код пен онлайн төлемдерді талап ететіндіктен, салық органдары бақылауды емес, бизнесті жүргізуге арналған сервистік цифрлық қызметтерді ары қарай дамытады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img