Грузияда жұмыс істейтін қазақстандықтарға жаңа талаптар қойылды

Грузияда шетел азаматтарының еңбек қызметіне қатысты жаңа ережелер мен қатаң талаптар күшіне енді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ж. Үсенов мәлім етті, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа көші-қон заңнамасының талаптары

Грузияның көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ағымдағы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап шетел азаматының тиісті құқығынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы оны елден мәжбүрлеп шығарып жіберудің негізгі шарттарының қатарына енгізілді. Қазақстан азаматтары үшін Грузияға визасыз кіру және бұл ел аумағында 365 күнге дейін болу тәртібі өзгеріссіз сақталады. Дегенмен, визасыз режим тек елге кіруге және онда болуға ғана мүмкіндік береді, бірақ автоматты түрде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат бермейді.

Тиісті рұқсатсыз ақылы еңбек қызметімен айналысу әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады. Егер шетел азаматы елден шығарылған жағдайда, оған Грузия аумағына қайта кіруге 2 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Сыртқы істер министрлігінің ескертуі

Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлікпен немесе өзге де ақылы қызмет түрімен айналысуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына мұндай қызметті бастамас бұрын жергілікті заңнамада көзделген жұмыс істеу құқығының бар-жоғын мұқият тексеріп алу қажет.

Сыртқы істер министрлігі отандастарымызды Грузия заңнамасы мен көші-қон талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ айыппұл салуға, депортациялауға немесе елге кіруге шектеу қоюға әкеп соқтыратын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Түркі елдерінің композиторлары кәсіби одақ құрды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img