Алматыда Қала күні жоғары деңгейде өтіп, шараларға 1 миллионнан астам тұрғын қатысты

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтетін Қала күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар екі күн бойы (19–20 қыркүйек) жалғасты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл мерекелік бағдарламаға 1 миллионнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысты. Мерекелік шаралар қаланың басты алаңдары мен барлық 8 ауданын қамтып, концерттер, фестивальдер, көрмелер және түрлі шығармашылық жобаларға ұласты.

Мерекенің басты оқиғалары мен жаңалықтары

Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде өткен, 60-тан астам баспа үйі мен кітап дүкенін біріктірген жәрмеңкеге екі күн ішінде 50 мыңнан астам адам келді. Мұнда тақырыптық аймақтар жұмыс істеп, концерттер мен қуыршақ театрының қойылымдары ұйымдастырылды. Екі күн ішінде жергілікті өндірушілер мен шаруа қожалықтары ұсынған алманың 50-ге жуық түрі сатылып, жәрмеңкеде 250 тоннадан астам алма өткізілді.

Мерекенің ең айтулы оқиғаларының бірі – Масанчи көшесінде (Сәтбаев даңғылынан Абай даңғылына дейінгі аралықта) Алматыдағы алғашқы гастрономиялық көшенің ашылуы болды. Бұл жаңа кеңістік қоғамдық тамақтану орындары мен заманауи ортаны біріктіріп, тұрғындар мен туристер үшін жаңа тартылыс нүктесіне айналды. Бұл бастама мегаполисте мамандандырылған гастрономиялық көшелер желісін қалыптастыру жобасының бір бөлігі саналады.

Қазақстанның ең үлкен мегаполисі әрі жастар мен білімнің қаласы саналатын Алматыда бұл күні музыка, ұлттық мәдениет, заманауи өнер мен отбасылық демалыс бағыттары тоғысып, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға дайындық жүріп жатыр — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img