Елімізде жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленуде

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты суы департаменті 2027-2040 жылдарға арналған Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

Жобаны дайындау үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, сала мамандары мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары пысықталды. Таяу арада құжат жобасын көпшілік талқылауына жариялау көзделген.

Жерасты су ресурстарының әлеуеті мен қазіргі жағдайы

Қазақстандағы жерасты суының жалпы қоры мен оның нақты пайдаланылу көрсеткіші арасында үлкен алшақтық бар. Мемлекеттік баланс деректеріне сәйкес, елдегі жерасты суының жарамды қоры тәулігіне 43,2 млн текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта бұл ресурс көлемінің небәрі 1,5 млн текше метрі, яғни жалпы қордың 3,6 %-ы ғана пайдаланылуда. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, еліміздегі жерасты суларының зерттелу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Көптеген учаскелерде қайта бағалау және қосымша барлау жұмыстарын жүргізу талап етіледі.

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі кезеңдері

Жерасты суларын басқарудың жаңа жүйесін енгізу мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

— Жерасты су ресурстарын басқарудың заманауи заңнамалық әрі институционалдық жүйесін қалыптастыру.

— Болашағы бар учаскелерде гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіп, судың нақты әлеуетін объективті айқындау.

— Елді мекендер мен экономика салаларын заманауи технологиялар арқылы ұтымды әрі қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img