Келесі жылға дейін 12 өңірде 1 850 орындық оңалту орталығы ашылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде 2027 жылға дейін 12 өңірде жалпы сыйымдылығы 1 850 төсек-орынды құрайтын заманауи жаңа оңалту орталықтары пайдалануға беріледі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жобаның басты мақсаты — мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін арнаулы медициналық, әлеуметтік және психологиялық оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ бұл саладағы кезек күту уақытын қысқарту.

Өңірлердегі оңалту орталықтарының желісі

Қазіргі уақытта еліміздің 12 өңірінде әрқайсысы 150 орынға есептелген жаңа оңалту орталықтарының активті құрылысы жүргізілуде. Елімізде соңғы 3 жыл ішінде 6 жаңа нысан іске қосылды. Оның ішінде Семей мен Таразда (2023 жылы), Кентау мен Оралда (2024 жылы), Атырау мен Астана қалаларында (2026 жылы) заманауи орталықтар ашылды. Кезең-кезеңімен Шымкент, Талдықорған, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында тағы 4 ірі оңалту орталығын пайдалануға беру көзделген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img