Елімізде спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Спорт күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде бір апта бойы түрлі мерекелік және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мерекелік апталық аясында еліміз бойынша 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді. Негізгі мақсат — халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды дене шынықтыруға тартып, белсенділікті арттыру.

Туризм және спорт министрлігінің республикалық іс-шаралары

Мереке аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен бірнеше ауқымды бастама қолға алынды. 11-15 тамыз күндері Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өңірлердің дене шынықтыру және спорт мекемелері қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтатын сайыс өтеді. 12 тамызда асық ату, үстел теннисі және дойбы түрлерінен спорт ардагерлері күш сынасуда.

Ал 13 тамыз күні Қазақ Ұлттық Спорт Университетінде өтетін «Спортшылар кеңесіның» пленарлық сессиясында спорттағы реформалар, ардагерлерді қолдау және медициналық өзгерістер талқыланады.

Өңірлерде өткізілетін ауқымды жарыстар мен фестивальдер

Еліміздің әр қаласында спорт күніне орай мынадай басты іс-шаралар ұйымдастырылуда:

Астанада бұқаралық веложарыс, «Astana Handball DAY» ашық гандбол турнирі, байдарка мен каноэде есуден қала чемпионаты.

Алматы қаласында спорт күніне арналған фестиваль және әуесқой велоспортшылар арасында Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты.

Шымкентте TARTYL FEST спорттық-бұқаралық фестивалі.

Қарағанды қаласында «QARAQANDY HALF MARATHON — 2026» жартылай марафоны.

Қостанайда «KOSTANAY HALF MARATHON» жеңіл атлетикалық марафоны.

Талдықорған, Атырау, Ақтау қалаларында Облыстық спартакиада, кросс жүгіру жарысы және «Жас батыр» таеквондо кубогі.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img