АҚШ-та жұмыспен қамту саласы неліктен ақсап тұр?

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, таяу жылдары әлемдік еңбек нарығы үлкен трансформацияны бастан кешеді.

2030 жылға қарай 92 миллион жұмыс орны босап немесе жойылып, 170 миллион жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал қазіргі таңда әлем бойынша 15–24 жас аралығындағы 67 миллион жас азамат жұмыссыз жүр. Еңбек нарығына Жасанды интеллектінің (ЖИ) қарқынды дамуы мен инфляция қысымды күшейтуде, — деп хабарлайды 24kz.

Өңірлер мен елдер бойынша еңбек нарығының жағдайы

Әлем елдеріндегі жұмыспен қамту және жұмыссыздық динамикасы түрліше қалыптасуда:

Шілде айында еңбек нарығы 23 мың жұмыс орнына қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі — 4% шамасында тұрақты болғанымен, бұл халықтың белсенді жұмыс іздеуден бас тартуымен түсіндіріледі. АҚШ-та тұтыну бағасы 3,2%-ға өсіп, орташа жалақы өсімінен (3%) асып түсті, бұл халықты бірнеше жұмысты қатар алып жүруге мәжбүрлеуде.

Еуроодақта орташа жұмыссыздық деңгейі — 6%. Алайда Испанияда туризм мен қызмет көрсету саласының жандануы арқасында маусымда 486 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық соңғы 18 жылда алғаш рет 10%-дан төмендеді.

Пандемиядан кейін Гонконгқа қаржы мен заң саласының жоғары білікті мамандары қайта оралуда. Салықтық жеңілдіктер мен білікті мамандарға арналған бағдарламалар нәтижесінде шетелдіктерге 31 мыңнан астам жұмыс визасы мақұлданған.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) деректері бойынша жастар арасындағы жұмыссыздықтың өңірлік көрсеткіштері:

  1. Араб мемлекеттері — 26,2%

  2. Солтүстік Африка — 22,6%

  3. Солтүстік Америка мен Еуропа — Ең жоғары көрсеткіштер қатарында

Сұраныстың өзгеруі: Әкімшілік, іс жүргізу, сауда сияқты орташа біліктілікті талап ететін бастапқы жұмыс орындары азаюда. Керісінше, ғылым, инженерия, денсаулық сақтау және IT салаларында жоғары білікті мамандарға сұраныс артып келеді.

Нобель сыйлығының лауреаты Джеффри Хинтон мен халықаралық сарапшылардың пікірінше 15–29 жас аралығындағы мамандар атқаратын жұмыстардың 6%-ы ЖИ әсерінен түбегейлі өзгереді. Қытай сияқты елдер қызметкерді ЖИ-мен толық алмастырмай, бірлесе жұмыс істеу үлгісін ұсынуда. Себебі массалық жұмыссыздық салық түсімдерін азайтып, әлеуметтік шығындарды арттырады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img