Соңғы 10 жылда Англияда С гепатитінен 100 мыңнан астам адам толық емделіп шықты.
Заманауи терапия мен скрининг бағдарламаларының арқасында ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) белгілеген 2030 жылғы межеден бұрын бұл вирустық ауруды түпкілікті жоюға жақын, деп хабарлайды Qazinform-ның ағылшын редакциясы. С гепатиті көбіне айқын белгілерсіз өтіп, уақтылы емделмегенде циррозға, бауыр жеткіліксіздігіне және онкологияға әкеп соқтырады. 2015 жылдан бері Англияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) 8–12 апталық тікелей әсер ететін вирусқа қарсы таблеткалы препараттарды кеңінен енгізді. Нәтижесінде вирус жұқтырған науқастардың 80 %-дан астамы емделіп, осы дерттен болатын өлім-жітім көрсеткіші 36 %-ға төмендеді.
Жасырын инфекцияны ерте анықтау тетіктері
Англияда ауру белгілері байқалмайтын науқастарды дер кезінде анықтау үшін бірнеше тиімді тәсіл қолданылуда:
2022 жылдан бері ауруханалардың қабылдау бөлімшелерінде қан талдауын тапсырған науқастарға С гепатитіне қосымша скрининг ұсынылып, соның нәтижесінде бұрын диагнозы белгісіз болған 1 900 адамнан вирус анықталды.
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер пациенттерден 1996 жылға дейін қан құйылған-құйылмағанын сұрастыру арқылы ықтимал тасымалдаушыларды тексереді. Тәуекел тобындағы азаматтарға (инъекциялық заттар қолданғандар, шетелде татуировка жасатқандар, вирустық ошағы бар елдерден көшіп келгендер) үйге арналған тесті құпия әрі тегін тапсырыспен алу мүмкіндігі берілген.
1991 жылға дейін стерильдеу стандарттары толық енгізілмеген кезеңде медициналық немесе стоматологиялық қызмет алған Украина, Румыния, Польша, Эстония, Латвия, Литва, Болгария, Чехия және Словакия тумаларына профилактикалық тексеруден өту ұсынылады.
9-10 қыркүйек күндері Астанада 80-нен астам елдің өкілдері бас қосады — jananews.kz

