9-10 қыркүйек күндері Астанада 80-нен астам елдің өкілдері бас қосады

9-10 қыркүйек күндері Астана қаласында жыл сайынғы IX Astana Finance Days (AFD 2026) халықаралық қаржы форумы өтеді.

Ауқымды іс-шараны «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастыруда. 2018 жылдан бері ұйымдастырылып жатқан бұл форум Еуразия өңіріндегі капитал нарығын өркендетуге және Қазақстанға шетелдік инвестиция тартуға ықпал ететін басты қаржылық диалог алаңына айналды.

5 500-ден астам қатысушы және халықаралық спикерлер

Биыл форумға әлемнің 80-нен астам елінен 5 500-ден астам делегат қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында қаржы институттарының басшылары, инвесторлар, реттеуші органдар және технология алпауыттарының өкілдері бар. Мемлекеттік және ұлттық құрылымдар: Жаслан Мәдиев (ҚР ЖИ және цифрлық даму министрі), Тимур Сүлейменов (ҚР Ұлттық банкінің төрағасы), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы), Кубанычбек Омуралиев (Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы).

Халықаралық қорлар мен қаржы институттары: Сами Ибрагим Аль-Сувайлем (Islamic Development Bank Institute), Бен Пауэлл (BlackRock), Йылмаз Коджагөз (Goldman Sachs), Джад Эллаун (Brookfield), Дрю Гафф (Siguler Guff), Джошуа Чанг (Hong Kong Investment Corporation).

Биржалар және сауда алаңдары: Дэвид Сол (FTSE Russell), Саллиэнн Тейлор (Bloomberg), Аида Чодулова (Kyrgyz Stock Exchange), Джонсон Чуи (Hong Kong Exchanges and Clearing), Хо Жуйжун (Shanghai Stock Exchange), Барри Чан (CICC), Александр Диаковский (ITS).

Финтех, крипто және бизнес көшбасшылары: Тимур Турлов (Freedom Holding Corp.), Кирилл Хомяков (Binance), Александр Круглов (Telegram/TON), Санжар Жамалов (Mastercard), Ибрахим Жанлыел (Air Astana), Афина Мяо (BigONE Eurasia).

Форум форматы және AFD Exhibition көрмесі

Форум аясында тек панельдік сессиялар ғана емес, сонымен бірге арнайы көрмелер мен B2B кездесулер ұйымдастырылады. Қатысушылар жаһандық трендтерді, цифрлық активтер мен финтехті дамытуды, капитал нарығына инвестиция салудың тың бағыттарын талқылайды. Банктер, инвестициялық және активтерді басқарушы компаниялар, финтех стартаптар мен технологиялық жобалар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынады. Инвесторлар мен топ-менеджерлер үшін жаңа халықаралық серіктестіктер орнатуға толық мүмкіндік жасалған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img