Қыркүйекте Алматыда 3 көшенің ұзартылған учаскелері ашылады

Алматы қаласында көлік қозғалысын жеңілдету және қала инфрақұрылымын Үлкен Алматы автомобиль айналма жолымен (ҮАААЖ/БАКАД) байланыстыру мақсатында магистралды көшелерді ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жобалардың бақылауда екенін және биылғы қыркүйек айында 3 бірдей магистралды көшенің жаңа учаскелерінде қозғалыс ашылатынын мәлімдеді.

Қыркүйекте көлік қозғалысы ашылатын көшелер мен учаскелер

Қала шекарасына дейін және БАКАД бағытында ұзартылып жатқан негізгі жол кешендері:

Рысқұлов даңғылының Фариза Оңғарсынова көшесінен бастап қала шекарасына дейінгі жаңадан салынған учаскесі ашылады.

Төле би көшесінің Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі және одан әрі қала шекарасына дейінгі 2 учаскесі іске қосылады.

Жұбанов көшесінің Карьерная көшесінен бастап қала шекарасына дейінгі бірінші учаскесі пайдалануға беріледі.

Жоспарға сәйкес мерзімі өзгермейді — Абай даңғылы биыл Үлкен Алматы автомобиль айналма жолына толықтай қосылуға тиіс.

Жүргізіліп жатқан инженерлік және құрылыс жұмыстары

Тұрғындармен келіссөздер жүргізіліп, учаскелерді өтемақымен босату жұмыстары тұрақты кеңестерде жедел шешілуде. Сондай-ақ, су, газ, электр және кәріз желілерін қауіпсіз әрі заманауи стандарттарға сай жаңа трассадан тыс жерге қайта тарту қарастырылуда. Асфальт-бетон төсемінің сапалы негізін нығыздау және көлік қауіпсіздігі инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

БҰҰ биыл 135 млн адамның гуманитарлық көмек алуын қамтамасыз етпек — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img