Қарағанды облысында 10 мың тонна картоп пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын кеңейту мақсатында екі жаңа заманауи нысан бой көтереді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2026–2027 жылдары пайдалануға берілетін жаңа қоймалардың жалпы сыйымдылығы 10 мың тоннаны құрайды. Бұл бастама өсірілген өнімнің шығынын азайтуға, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға және ішкі нарықты жыл бойы отандық көкөніспен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа жобалар және қолданыстағы сақтау қуаты

«Достық-2009» серіктестігі сыйымдылығы 6 мың тонна болатын заманауи көкөніс қоймасының құрылысын аяқтауда. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Тағы бір жоба «Юбилейное» шаруашылығында жүзеге асырылуда. Мұнда бір мезгілде 4 мың тонна картоп сақтауға арналған қойма салынуда. Құрылысты аяқтап, нысанды 2027 жылы іске қосу көзделген.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында жалпы сыйымдылығы 329 мың тонна болатын 121 картоп қоймасы және 24 480 тонналық 20 астық қоймасы жұмыс істеп тұр.

Суармалы егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту

Өңір шаруашылықтары өнім сақтаумен қатар өндірістік қуаттарды жаңғыртуға белсенді инвестиция салуда. Қарағанды ауылдық округіндегі «Шығыс» шаруашылығы бұған дейін 1,5 мың тонналық қойма салған. Қазір картоп, бидай және арпа өнімділігін арттыру үшін жаңа заманауи суару жүйелерін орнатуда. Аталған шаруашылық аумағында инвестициялық құны 1,5 млрд теңге болатын 1 мың басқа арналған ірі қара мал фермасының құрылысы жүргізілуде. Аграршылар мемлекеттік субсидиялау тетіктерін пайдалана отырып, суармалы жер көлемін ұлғайтуды және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды көздеп отыр.

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» атты кітабына арналған дөңгелек үстел өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img