Әйгілі Гиннесс рекордтар кітабы жаңартылды.
Тізімге ерекше жануарлар, сирек кездесетін қолөнер бұйымдары мен спорттық рекордтар енді.
Жаңа рекордтар тізімінде не бар?
Берілген мәліметтерге сәйкес, бұл жолы әлемдік рекордтар қатары қызықты көрсеткіштермен толықты. Ұлыбританияда өсірілген шайр тұқымына жататын жылқының бойы 199 сантиметрге жетеді. Ол үлкен денесімен ғана емес, аса жуас мінезімен де ерекшеленеді. Сондай-ақ көлемі бір бөлмедей болатын ерекше фен тізімге енді. Оны жасау үшін өндірісте қолданылатын қуатты желдеткіш пайдаланылған. Жаңазелендиялық Эмма Филлипс 33 секунд ішінде еш тоқтамастан үстелді аяғымен 77 рет айналдырған. Сонымен қатар бір адамға ғана арналған ең кішкентай автокөлік ресми түрде рекордтар тізіміне кірді.
Рекордтар кітабы қалай пайда болған?
Танымал басылым алғаш рет 1955 жылы «Гиннес» деп аталатын ирландық сыра қайнатушы компанияның тапсырысы бойынша жарық көрген. Идея авторы Хью Бивер. Ол ирландық және британдық сыраханалардағы үнемі үзілмейтін, қызықты әлемдегі «ең, ең» деген дауды шешу үшін осы тақырып төңірегінде қандай да бір беделді басылым болуы керек деген ой туындайды. Бұл идея Крис Чатэвэймен ағайынды МакУайртерлерді де қызықтырып, олар бұл істі белсенді түрде қолға алады. Осылайша, 1955 жылдың 27 тамызында бұл кітаптың алғашқы шығарылымы жарық көреді.
Енді Қазақстанда 3,8 мыңнан астам медицина қызметкері смарт-бейнежетон тағады — jananews.kz

