Қазақстанда шетелдік мамандарды отандық кадрлармен алмастыру бағдарламасы әзірленеді

Қазақстанда мұнай өңдеу саласындағы күрделі жобаларға тартылатын шетелдік мамандарды кезең-кезеңімен қазақстандық кадрлармен алмастыру бағдарламасы әзірленеді.

Бұл талап алдағы уақытта жаңа жобаларға арналған Жақсартылған модельдік келісімшартқа міндетті түрде енгізілмек. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл шара 2025–2040 жылдарға арналған Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылады.

Бағдарламаның басты мақсаттары мен шарттары

Жаңа жүйе отандық мамандардың әлеуетін арттырып, мұнай өңдеу саласындағы шетелдік жұмыс күшіне тәуелділікті азайтуға бағытталған. Шетелдік қызметкерлерді алмастыратын қазақстандық кадрлар ерте сатыда анықталып, оларды қажетті бағыттар мен технологиялар бойынша оқытуды көздейді. Келісімшарт аясында Қазақстан азаматтарының кандидатураларына басты назар аударылады. Жер қойнауын пайдаланушы өндіруші компаниялардың келісімшарттық міндеттемелері шеңберінде қазақстандық кадрларды оқыту үшін өндіріс көлемінің 1% мөлшерінде қаржы бөлу қарастырылған. Мысалы, 2023–2025 жылдары бұл мақсатқа жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 62,7 миллиард теңгені құрады.

Бұл бастама еліміздегі жоғары білікті инженерлік кадрлар қорын қалыптастырып, ұлттық мамандардың үлесін арттыруға серпін бермек.

Қазақстандық оқушылардың PISA-2025 халықаралық зерттеуіндегі нәтижелері жарияланды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img