Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Дели қаласында өткен «БРИКС плюс» саммитіне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Дели қаласында өткен «аутрич» / «БРИКС плюс» форматындағы пленарлық отырысқа қатысып, «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбында маңызды баяндама жасады.

Президент өз сөзінде жаһандық қауіпсіздік, геосаяси сын-қатерлер, экономикалық әріптестік және жасанды интеллект салаларын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Жаһандық сын-қатерлер және БҰҰ рөлі

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамдастық алдында тұрған іргелі мәселелердің шешімін таппайінше, БРИКС әлеуетін толық іске асыру мүмкін еместігін атап өтті. Геосаяси қақтығыстардың ушығуы мен сауда кедергілерінің көбеюі салдарынан былтыр жаһандық экономика шамамен 22 триллион доллар (әлемдік ІЖӨ-нің 10%-ы) зиян шеккен. Президент БҰҰ-ға балама жоқ екенін айтып, Қауіпсіздік Кеңесін реформалау кезінде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді. Қазақстан БРИКС-ті БҰҰ-ның көпжақты жүйедегі жетекші рөлін толықтыратын ашық алаң ретінде қарастырады.

Сауда-экономикалық әріптестік пен көлік-логистика әлеуеті

Былтыр Қазақстанның БРИКС-ке мүше және серіктес елдермен тауар айналымы 72 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қазіргі төрағасы ретінде БРИКС-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және Үндістанмен еркін сауда туралы келісім жасасуды құптайды. Еліміз арқылы былтыр 40 миллион тоннаға жуық транзиттік жүк тасымалданып, болашақта бұл көрсеткішті жылына 100 миллион тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жолдарымен жеткізілетін жүктің 85%-ы Қазақстан аумағымен өтеді. Транскаспий халықаралық көлік бағытын «Бір белдеу, бір жол» және «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздерімен ұштастыру маңызды.

Инновация, жасанды интеллект және су қауіпсіздігі

Мемлекет басшысы заманауи технологиялар мен экологиялық бастамаларды ұсынды. Қазақстан ЖИ саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосып, ұлттық орталықтарды біріктіруді, зертханалар мен ғылыми жобаларды қолжетімді етуді ұсынды. Су ресурстарын басқару ісін үйлестіру үшін БҰҰ-ның арнаулы құрылымы ретінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасы көтеріліп, серіктестер осы бағыттағы консультацияларға шақырылды.

Қазақстанда шетелдік мамандарды отандық кадрлармен алмастыру бағдарламасы әзірленеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img