Астанада қазақы тазылардың моно тұқымдық көрмесі өтеді

Биылғы 19 қыркүйекте елордада ұлттық мақтанышымызға айналған қазақы тазыларға арналған арнайы моно тұқымдық көрме мен байқау өтеді, деп хабарлайды Қазақстан кинологтары одағы.

Ауқымды іс-шара халықаралық ит көрмесі аясында ұйымдастырылады. Бұл бастама қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кәсіби кинологтарға, селекционерлерге және қала тұрғындарына кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

Көрменің мақсаты мен өтетін орны

Көрме барысында төрт аяқты жүйріктер арнайы кәсіби сараптамалық бағалаудан өтеді. Мамандар тазылардың халықаралық және отандық тұқым стандартына сәйкестігін жан-жақты тексеріп, ең үздік өкілдерін анықтайды. Іс-шарада қазақы тазы тұқымын таза күйінде сақтау, олардың санын көбейту және асылдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылады.

 Көрме 19 қыркүйекте Астана – Қарағанды тасжолының бойында орналасқан Prestige Horse Club аумағында өтеді. Қатысушыларды тіркеу таңертеңгі сағат 09:00-де басталып, шараның ресми ашылуы сағат 10:00-ге жоспарланған.

Павлодарда II республикалық «Ертіс-Баян» театрлар фестивалі өтеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img