Әлеуметтік төлем қандай жағдайда кері қайтарылады және заңсыз төлемдердің салдары қандай?

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейтіндерге қаржылай қолдау көрсетеді.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында бұл төлемді 1 миллионнан астам адам алып, оларға жалпы 527 миллиард теңгеге жуық қаражат төленді. Дегенмен, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу фактілері анықталса, ақша міндетті түрде кері қайтарылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Әлеуметтік төлемдерді қайтаруға не себеп болады?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін қаражат заң талаптарына сәйкес қатаң тексеріледі. Егер төлем заңсыз немесе қате жолмен тағайындалғаны анықталса, келесі жағдайлар орын алады:

— Төлем алу үшін шындыққа сәйкес келмейтін деректер ұсынылса немесе жалған жұмысқа орналасу рәсімделгені белгілі болса, қаражат заңда белгіленген тәртіппен кері қайтарылады.

— Әлеуметтік желілердегі «төлемді тездетіп немесе оңай рәсімдеп беремін» деген күмәнді ұсыныстар арқылы алынған төлемдер заңсыз деп танылады. Өткен жылдың өзінде 12 өңірде осындай заңсыз төлемдерге қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған.

— Әдейі жалған мәлімет беріп, мемлекет қаражатын заңсыз алған азаматтарға қатысты сот үкімдері шығарылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қауіпсіздік шаралары және ресми ақпарат

Өз қаржыңыз бен жеке деректеріңізді қорғау үшін мына ережелерді сақтаған жөн:

  1. Жеке куәлік мәліметтерін, банк картасының құпия ақпаратын, SMS-кодтарды және ЭЦҚ кілттерін бөгде адамдарға беруге болмайды.

  2. «Төлем мерзімін ұзартып беремін» немесе «міндетті түрде нақтылап аламын» деп ақша талап ететін делдалдарға жүгінбеу қажет.

  3. Төлемдерді тағайындау шарттары туралы шынайы ақпаратты тек Еңбек министрлігінің, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми ресурстарынан немесе egov.kz порталынан алыңыз. Қосымша сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

Жәрдемақыны арттыру мерзімі неге 3 жылмен шектеледі? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img